15 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Қазақ ауылы неге қырғызға тәуелді болып отыр?

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Жауғаш батыр ауылының халқы электрэнергиясын көрші елден сатып алып отырғанына 20 жылдай болды, деп хабарлайды Алаш.КЗ.

Себебі, қырғыз елімен шекаралас жатқан ауыл көршілердің электржүйесіне жалғанған. Тұрғындар жарыққа есеп айырысу үшін ай сайын шекара асуға мәжбүр. Онда да тоқтың ақшасын теңгемен емес, АҚШ долларымен қымбатқа сатып алады екен.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Айына 100, 200 киловатт жағатындар бар. 20 мыңға дейін барады. Облыстағы ең қымбат тариф бізде. Барлығымыздың ақшамызды бір адам жинап, шекара асып Қырғызстанға доллармен төлейді. Оның барып келетін жолын да төлейміз. Қосымша кеден құнын да береміз,

— дейді Жауғаш батыр ауылының тұрғыны Сағат Жақсымбетов.

&fpc=4702be35-4cb6-431a-b5c1-15f3dec544b0

Тұрғындардың айтуынша, Қырғызстан жарықты бергенімен, сәл жел тұрса ол өшіп қала береді. Себебі, электржүйелерінің әбден тозығы жектен. Бағаналардың барлығы 1955 жылдары тартылып, сол уақыттан бері жаңаланбаған. Жел күшейген кездері ауылда үш күнге дейін жарық болмайды екен. Ал Меркі ауданындағы жауапты мекеме оларды жөндеуге қауқарсыз. Өйткені, электржүйелері әлі күнге дейін көрші елдің жауапкершілігінде көрінеді. Бұл ауылда ұялы байланыс та тартпайды. Себебі, сигнал тарататын жалғыз мұнара да тоқпен жұмыс істейді. Тұрғындар балалармен хабарласа алмай қаламыз дейді. Өйткені, ауылда мектеп болмағандықтан олардың бәрі шетте оқуға мәжбүр екен.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Ауыз судың мұнарасы да осыдан он жыл бұрын 27 миллион теңгеге салынған. Бірақ , электр жарығы болмағандықтан оны да өшіріп тастады. Қазір суды құдықтан тартып ішеміз. Бір сөзбен айтқанда жарық болмаған соң тіршілігіміз толықтай тоқтап тұр,

— дейді Сағат Жақсымбетов.

Жарықтың мәселесі тек ауыл халқына емес, ауыл маңындағы әскери бөлім мен шекара заставасына да қатысты. Қазір ел тынышын күзеткен шекарашылар дизель отынымен істейтін генератор арқылы жарық жағып отыр екен.

Халық үдере көшіп жатыр. Не мектеп, не дәрігерлік қызмет болмағандықтан халық көшпегенде қайтеді? Ауылда қыс қатты. Көгілдір отын болмағандықтан көмір жағамыз. Жарыққа жиырма мың төлеп, оған қоса көмір алу мұндағы елге оңай емес,

— дейді жергілікті шаруа Өмірбек Оразбаев.

Оқи отырыңыз:

Меркі ауданы әкімдігіндегілердің айтуынша, бұл мәселені шешуге қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр. Жауғаш батыр ауылына жарық 44 шақырым жерден тартылуы тиіс екен.

2021 жылы жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, ол сараптамадан да өтіп қойған. Жоба құны 532 миллион теңге. Мұндай қаражат аудан бюджеті үшін ауыр. Сондықтан Энергетика басқармасына жыл басында өтініш бергенбіз,

—дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Алмас Омаровтың айтуынша, бұл проблеманы шешу тек министрліктің құзырында екен.

Жобаны қаржыландыру бойынша өтінішті министрлікке жібердік. Бүгінгі күнге әлі қолдау таппай отыр. Мақұлданса, Жауғаш батыр ауылы мен шекара заставалары тұрақты энергиямен қамтамасыз етіледі,

— дейді ол.

Бұл мәселе бойынша жауаптылар бір бірінен жауап күтіп жүргенде тағы да бір проблеманың ұшы шығып отыр. Қазіргі кезде құрылыс материалдарының бағасы күн санап өсуде. Ал Жауғаш батыр ауылына тоқ тартуға арналған жоба 2021 жылы жасалған. Сондықтан, өтінім қараламын дегенше құрылыстың құны еселенеп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, күні көршіге қараған ауылдың халқы шенеуніктер жедел қимылдап, тезірек тиісті шешім шығарса деп отыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар