6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Қашаған мұнайы Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізіледі

 

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы еліміздің Қашағаннан сынақтан өткізілген 7 мың тонна мұнайын Ақтау портынан Баку арқылы Еуропаға жеткізеді. Бұл компания Қашағанның операторы -North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумындағы 7,563 пайыздық үлеске ие болып отыр.

«ҚазТрансОйл» компаниясының хабарлауынша, компания Ақтау арқылы Еуропаға 1,5 млн тонна Теңіз мұнайын жібергісі келеді. Бірақ Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты жүк жөнелту уақытша кешіктірілген.

 

Биыл Ақтау порты арқылы 1,5 млн тонна Теңіз мұнайын Еуропаға жеткізу жоспарланған болатын. Бірақ бүгінгі күнге дейін бір тоннасы да тиісті мерзімде жөнелтілген жоқ. Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры қызметін уақытша тоқтатты. Себебі, Джейхандағы екі айлақ жұмыс істемейді, тағы бір айлақ арқылы Әзербайжан өз мұнайын Еуропаға жіберіп жатыр, – делінген хабарламада.

 

Енді Қашаған мұнайы Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізіледі.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар