14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Қаржы пирамидасы. 15 адам сотталды

 

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнайы прокурорлар қызметі QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

 

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген. Сотталушылар Amazon (АҚШ) платформасында сауда жасаймыз деп сенімгерлік басқару негізінде адамдардан процентке ақша алған. Осылайша пайда таппақ болған. Салымшыларға салым сомасына байланысты бір жылда 96%-ға дейін пайда түседі деп уәде берді. Салдарынан компания 1345 адамға 6 млрд теңгеден асатын залал келдірді, – деп жазылған хабарламада.

 

Прокуратура қазақстандықтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін дәлелдеді.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 сотталушы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды (6 жылдан 7 жылға дейін).

Бас прокуратура қазақстандықтарды сақ болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салмауға шақырады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар