13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Қарамағындағыларға күн көрсетпейтін полиция басшысы қызметінен қуылды

 

Түркістан облысында қызметтік этиканы сақтамаған полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босады, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған полицейдің әрекетіне қатысты шешім қабылданды. Қызмет бабында шорти, майкамен келе жатқан ол алдынан шыққан формадағы қызметкердің бірін қолымен нұқып жіберген.

Кейіннен Түркістан облысы полиция департаменті этиканы сақтамаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты тексеру басталғанын мәлімдеген болатын. Заң аясында жүргізілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша бейнежазбадағы басшының орынбасары қызметтен босатылды. Сонымен қатар қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» 362- бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде желдей ескен полицейдің іс-әрекеті жайлы жазбалар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын баршаңызға жеткізген едім. Сол шаралардың бастамасымен бөлісуді жөн деп отырмын. Себебі нақты қолданылып жатқан жұмыстардан сіздердің хабардар болуларыңыз, полицияның ашықтығын білдіреді» – деді полиция генерал-майоры.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар