Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бір адам сегізінші қабаттағы жанып жатқан пәтерден құлап кеткен. Құдай сақтап, аман қалды. Дәрігерлер оның жағдайы орташа деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Алаш.kz.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, 1979 жылғы тұрғынның жамбас сүйегі сынған. Жағдайы орташа ауыр.
Науқас есін біледі. Жансақтау бөлімінде емін алуда. Кеуде қуысының жабық жарақаты, жіліншік сүйектерінің жабық сынуы бар. Дәрігерлер тұрғынды қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуде,
Ал төтенше жағдайлар департаментінде өрттің себебі анықталып жатқанын хабарлады. Бірақ алдын-ала дерек бойынша тұрғын үйде газ жарылысы расталмаған.
Оқиға орнында газ құрылғылары табылған жоқ. Ешқандай қирау мен құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылумен жабдықтау жүйелері бұзылмаған. Өрттің себебі анықталуда,