14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Қарағанды облысында интернет-провайдер Ресей телеарналарын таратудан бас тартты

Қарағанды облысында телекоммуникация қызметін көрсететін Қазақстанның «Ремстройсервис» компаниясы бүгіннен бастап Ресейдің Украинаға шабуылына қарсылық белгісі ретінде Ресей телеарналарының жаңалықтары мен ақпараттарын таратудан бас тартып, тек фильмдерін қалдырды.

Шахтинск қаласы мен оның төңірегіндегі кенттерге жоғары жылдамдықтағы интернет тарататын «Ремстройсервис» компаниясының telegram-арнасы «Соғысқа және соғысты насихаттауға қарсымыз. Сондықтан Ресейдің «федералды» арналарының орнына «Хабар24″ арнасын таратуды ұйғардық, түсіністікпен қарауды сұраймыз» деген хабар таратты.

«Ремстройсервис» компаниясының өкілі Азаттық тілшісіне:

– Ресейдің жаңалықтар мен ақпараттар арналарын уақытша өшірдік. 15-20 арна орнына «Хабар» тарайды. Компаниямыздың саясаты осылай,- деді.

Компания өкілі Ресей телеарналарын қашан қайта таратынын айта алмады.

Биыл қаңтардың 24-іне Ресей Украинаға әскеру шабуыл бастап, оны «арнаулы операция» деп атаған еді. Қазір Украина аумағында ұрыс қимылдары жүріп жатыр.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар