-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Қаңтарда азапталған Қосай Маханбаев екі айға түрмеге қамалды

Алматының тергеу соты полиция Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке күдікті санайтын азаматтық белсенді Қосай Маханбаевты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Қосай Маханбаев бұған дейін де тергеу абақтысында қамауда болған, сол кезде азапталғанын кейін мәлімдеген.

Белсендіні тергеу абақтысына қамаудың себебі жайлы сұраққа сот өкілдері «тергеу ісінің құпиясы, жариялауға болмайды» деп жауап берді.

Маханбаевтың адвокаты Айнара Айдарханованың Азаттыққа айтуынша, бұған дейін 15 күнге қамалған белсенді әкімшілік сот жазасын өтейтіндер отыратын мекемеден 16 маусымда сағат 22:10 кезінде шығуы тиіс болған.

– Біз күттік, бірақ оны ақыры шығармады. Сосын кезекші прокурорға телефон шалдық, ол сот [белсендіні қамауға] санкция бергенін, осыған дейін ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен жүрген Қосайға белгіленген бұлтартпау шарасын өзгертіп, «қамауға алынсын» деген шешім шығарғанын айтты. Қосайдың үш адвокаты бар, бірақ ешқайсы сотқа қатыспаған, бізге сот өтетінін хабарлауға тиіс болса да, ешкім ешнәрсе айтпады. Қосайдің біздің қатысуымызды талап еткеніне сенімдімін. Бірақ оның және біздің хақымызды бұзып, олар қамауға алу туралы сот өткізген. Мен осы қазір СИ-18 мекемесінен (тергеу изоляторы) шықтым, бірақ оны әлі орналастырмағанын айтты, – дейді Айнара Айдарханова.

Адвокат сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді, бірақ Қосайға белгіленген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы сот қаулысы әзірге қолына тимегенін айтты.

Ол Қосай Маханбаевтың әкімшілік жаза мерзімі аяқталып, ол бостандыққа шығатын болғандықтан, асығыс сот отырысын өткізіп, белсендіні тергеу абақтысына қамау туралы шешім шығарған болуы мүмкін деп есептпейді.

– Оны [әкімшілік жаза өтейтін мекемеден] әкеткен кезде, үш көлік үш жаққа кетті, қай мәшинеде отырғанын ешкім білмеді, – дейді Айнара Айдарханова.

Қосай Маханбаев Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда тергеу абақтысына қамалып, азаптауға ұшыраған азаматтардың бірі. Тергеу орындары оның үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғаған. Терегу абақтысында азапталып, ауруханаға түскен белсендіден ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алып, қамаудан босатқан.

Бұған дейін Алматы қаласы прокуратурасы азаптау бойынша 87 қылмыстық іс қозғалғанын айтқанмен қанша күдікті бар екенін нақтыламаған.

Жәбірленушілер бұған дейін «Азаптау» бабы бойынша қозғалған істер тергеу барысында дәлелденбей, өздерін қинап-азаптағандар жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деген күмәні барын айтқан. Олар сәуірден бері қала прокуратурасының алдына жиі жиналып, азаптауға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп келеді.

Сондай шараға қатысқан Қосай Маханбаевты маусымның басында Алматының әкімшілік соты «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп танып, 15 күнге қамаған. Мұнымен келіспеген белсендінің жақтастары сот ғимаратының алдында наразылық білдірген.

Адвокат Айдарханова сот Қосай Маханбаевтың әкімшілік жауапқа алғаш рет тартылғанын ескермей, оған әкімшілік құқық бұзу туралы заңда көрсетілген ең қатаң жазаны тағайындайды деп санайды. Адвокат апелляция шағымын берген, бірақ сот шешімін өзгертпеді.

  • Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «заңсыз қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.
  • Қаңтардың басында елде сұйылтылған газдың қымбаттауына байланысты митинг өтіп, наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Ресми дерек бойынша, 230 адам қаза болды. Қаза тапқандар арасында күштік құрылымның 19 қызметкері бар. Бұған қоса, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны мәлім болды. Билік опат болғандардың есімін жарияламады. Халықаралық ұйымдар Қаңтар оқиғасын халықаралық сарапшылардың көмегімен зерттеуге үндегенмен Нұр-Сұлтан ұсынысты кері қайтарған.
  • Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы 5 мамыр күнгі мәлімдемесінде «Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан адамдардың өлімін тергеу ашық жүріп жатқан жоқ, ұсталғандарды азаптау жайлы іс материалдары бір инстанциядан екіншісіне өтіп, баяу қаралып жатыр» деп сынаған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар