-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Қаңтар сотталғандардың туыстары істі қайта қарауды сұрады

Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты алты жылға сотталған Әлібек Иманбековтің әйелі 18 тамызда күйеуіне шыққан үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, қоғам назарын істегі «заңбұзушылықтарға» аудартуға тырысты. Бейсенбі күні өткен жиынға Қаңтар оқиғасына байланысты жақындары сотталған басқа да адамдар келді.

Сотталушының әйелі Баян Шырынбекова жиында «қару ұрлады» деп айыпталған Иманбековке тағылған айып «толық дәлелденбегенін» жеткізді. «Әлібек ұрлады» делінген екі қаруға да дұрыс баллистикалық сараптама жасалынбаған. Сондай-ақ, құжаттарға ұрып-соғып, азаптап қол қойдырған деді Баян Шырынбекова.

– Басты мәселе – тергеушінің негізсіз айыптауында және сол жалған айыптарға сүйеніп күйеуімді соттап отыр. Мысалы қару-жарақты алғаш тапқан жерінен түсірген сурет пен шаштараздан таптық деп келтірген сурет сәйкес келмейді. Сондай-ақ, күйеуімді ұстаған күні мен тергеу құжаттарында ұстадық деген күні де сәйкес емес. Сол сияқты куәгер де өзіне ұрып-соғып, хаттамаға қол қойғызғанын айттты, – дейді ол.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 11 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде «қару-жарақ ұрлады» деп күдікке ілінген Әлібек Иманбековті алты жылға бас бостандығынан айырған еді. Ол соттағы соңғы сөзінде «тергеу кезінде қысым жасалды, қаруды алғаным рас, бірақ оны ұрлағаным жоқ, сол күндері 102-ге хабарласқанымда телефонды көтермеді, дүрбелең басылған соң қайтару ойымда болған» деп айыппен келіспейтінін айтқан.

Шілде айында сот үкімін түсіндірген судья Қайрат Иманқұлов «Әлібек Иманбеков тергеу кезінде қысым жасалды» деу арқылы өзін ақтап алғысы келді. Оның қару-жарақ ұрлағаны дәлелденді» деген.

Қарай отырыңыз: «Анама не деп айтамын?» Қаңтарда «қару ұрлады» деп айыпталған Иманбеков түрме жазасына кесілді (11 шілде 2022 жыл).

Баспасөз мәслихатында Жетісай тұрғыны Гүлфария Тәңірбергенова де «қару ұрлады» деп күдікке ілінген ұлы Ысқақ Ілиясқа шыққан «заңсыз үкімге» шағымданды. Айтуынша, ұлын Алмалы аудандық соты 23 маусымда бес жылға соттаған.

Анасының сөзінше, Ысқақ пен досы «қаруды көшеден тауып алып, досының үйіне апарып қойған. Кейін полицияға қару тауып алғандарын мәлімдеген».

– Баламның бір көзі 20 пайыз, екінші көзі 40 пайыз көрмейді. Туа бітті дімкәс. Соған қарамастан баламды сол жерде (Бұрындай ауылындағы қойлыған пост маңында – анасы) ұстап, кейін ұрып-соғып, қағаздарға қол қойдырған. Екі бүйрегіне зақым келтірген. Ал баламда ешқандай арам ниет болмаған. Бар ойы «кейін апарып береміз» деп ойлаған. Бірақ соған қарамастан баламды бес жылға соттады, – дейді Гүлфария Тәңірбергенова.

Сот үкімінде Ілияс Ысқақ пен жанындағы жігіттің «төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан 5 қаңтарда түнгі сағат 11-де бір топ адаммен сөз байласып, қару-жарақ дүкенінен 20-калибрлі Ata Arms маркалы мылтықты жымқырып ұрлап әкеткені» жазылған. Үкімде оның кінәсін «ішанара мойындағаны» жазылған.

Қаңтар оқиғасына байланысты сотталғандардың туыстары биліктен істі қайта қарауды сұрады.

Бейсенбі күнгі жиынға қоғам белсендісі, Қаңтар оқиғасына байланысты құрылған қоғамдық комиссия мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы да қатысты. Ол Қаңтарға байланысты сот процестерінің «барлығы әділетсіздікке, көзжұмбайлыққа барды» деп, істерді қайта қарауды талап етті.

– Ресми органдардың, яғни бас прокуратураның мәліметтеріне қарағанда Қанды қаңтардан кейін 10 мыңнан астам ұсталып, жауапқа тартылған, 5300-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде 834 іс бойынша адамдар сотталған. Бірақ қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарының барлығы заңбұзушылықпен өтті, – дейді қоғамдық белсенді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қаңтар оқиғасында полиция басқармасынан, қару-жарақ дүкендерінен үш мыңнан астам қару ұрланған. Оның 1400-і табылған. Осы істер аясында бұған дейін бірнеше адам сотталған. Бас прокуратура шілде соңында 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталғанын мәлімдеген.

  • Қаңтардың басында елде сұйылтылған газдың қымбаттауына қарсы митинг өтіп, наразылықтың аяғы қантөгіске ұласқан. Билік шетелде дайындықтан өткен «террористер шабуылы» туралы айтты, бірақ оған дәлел-айғақ келтірген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге елде билікті күшпен басып алу талпынысы болғанын айтты, алайда оны кім ұйымдастырғанын нақтыламады.
  • Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 232 адам қаза болды. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы алты адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды. Билік қоғам талабына қарамастан опат болғандардың есімін жарияламай келген еді.
  • Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «заңсыз қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.
  • Халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанды қаңтар қырғынын тәуелсіз және жан-жақты зерттеуге шақырған. Нұр-Сұлтан одан бас тартқан.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар