10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Қаңтар қырғыны: Полиция Талдықорғанда 27 адамды азаптаған

Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жазды.

«Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.
2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын» деді Бас прокуратура.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар