-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тұманды қаңтар» деректі фильмі жарық көрді

Қаңтар оқиғасы туралы «Тұманды қаңтар» деп аталатын деректі фильм жарық көрді. Өткен аптаның жұма күні Алматыдағы Алатау театрында көпшілікке көрсетілген фильм жобасын «Assyltas» қоғамдық қоры ұсынған, режиссері – Данияр Саламат.

Фильм «Бала», «Әке», «Ана және отбасы» дейтін үш бөлімнен тұрады. Үш бөлімде үш отбасының Қаңтар оқиғасынан кейінгі қайғы-қасіреті көрсетілген.

«Бала» бөлімі қаңтар айының басындағы дүрбелең кезінде оққа ұшқан 12 жасар Сұлтан Қылышбекке, «Әке» бөлімі Алматы қаласы Алмалы аудандық полициясының қызметкері, оқиға кезінде қаза болған Әлен Асылхановқа, «Ана және отбасы» бөлімі Талдықорғанда отбасымен түгел оққа ұшқан Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаеваға және 15 жастағы қыздары Нұрайға арналған.

Фильмде үш отбасының да ата-аналары мен ет жақын туыстары сөйлейді.

– Бұл фильм – реквием, жоқтау. Адамның өмірі еш байлықпен өлшенбейтінін, мемлекеттің басты байлығы адам екенін айтқымыз келді,- дейді режиссер Данияр Саламат.

«Асылтас» қоғамдық қорының өкілі Рауан Оқас «Қаза болған полицей де, қарапайым адамдар да қаңтар оқиғасының құрбандары» деп санайды.

12 жасар Сұлтан Қылышбек Алматыда қаңтардың бесіне кешке қарай анасымен бірге дүкенге бара жатқан кезде оқ тиіп, қаза болған еді.

Алмалы аудандық полициясының аға сержанты, 1993 жылы туған Әлен Асылханов ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда Алмалы аудандық ішкі істер бөлімін қорғау кезінде қаза болған.

Бір отбасы: Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және 15 жастағы қыздары Нұрай қаңтардың сегізіне Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған. Талдықорғандағы әскери тергеу басқармасы оқ атқан әскерилердің ісінде қылмыстық сипат бар деп есептейтінін, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми мәлімет бойынша Қазақстанда барлығы 227 адам қаза болған. Басым көпшілігі бейбіт тұрғындар, арасында полицейлер мен әскери қызметкерлер де бар. Қазақстан билігі оқиға кезінде қаза болған адамдар тізімін жарияламай отыр.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар