1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Қаңтар оқиғасында «Ақтөбе әуежайын басып алмақ болған» үш адам шартты жазаға кесілді

5 шілде күні Ақтөбе соты Қаңтар оқиғасы кезінде «Ақтөбе әуежайын басып алмақ болған» Нұралы Шахкөзов, Мәди Жұмабек пен Елхат Қосыбаевтың бас бостандығын үш жары жылға шектеді. Осы уақытта олар пробация бақылауында болады, жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады. Құзырлы органдарға ескертпей тұрғылықты жерін өзгерте алмайды. Көңіл көтеретін орындарға баруына, әлеуметтік желіні пайдалануына болмайды.

Сотталушылар бұған дейін тергеу органымен процестік келісімге қол қойған.

Бұл азаматтарға тергеу Қылмыстық кодексіндегі 269-баптың 1-бөлімі бойынша («Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу») айып таққан.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Бақытжановтың айтуынша, сотталушы Елхат Қосыбаев 2022 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе облысы әкімдігінің жанына жиналғандар алдында сөйлеген. Қосыбаев сөзінде Қазақстан аумағына билік сырттан әскер әкелмеуі үшін өзге өңір тұрғындары әуежай жұмысын тоқтатқанын айтып, наразыларды Ақтөбе әуежайына баруға шақырған.

5 қаңтарда кешкі алтылар шамасында Ақтөбе әуежайына Нұралы Шахкөзов пен Мәди Жұмабек те барған. Олар «ғимараттың ішкі және сыртқы ахуалына бақылау жасаған», «әуежайға сырттан ешкімді кіргізбеген, сыртқа ешкімді шығармаған».

Прокурордың айтуынша, Нұралы Шахкөзов пен Мәди Жұмабек 5 қаңтар күні әуежай басшысы Дастан Мәлиевті шақырып алып, ұшақтарды тоқтатуды талап еткен, талаптары орындалмаса, ғимаратты бүлдіреміз деп қорқытқан. Дастан Мәлиев барлық әуе компанияларына радиограмма жолдап, әуежай жұмысын тоқтатқанын хабарлаған. Нәтижесінде Стамбул, Ақтау, Атырау, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатынайтын әуе рейстері тоқтап, Ақтөбе әуежайына 1 млн 672 мың 250 теңге материалдық залал келген. Сотталушылар әуежай шығынын үшеуі тең бөліп төлеген.

Прокурор сөзінше, сотталушылар жолаушыларды тіркейтін орыннан әрі өтпеген. Нұралы Шахкөзов пен Мәди Жұмабек жолаушыларды тіркейтін жердегі таблодан «Эйр Астана» компаниясының Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан рейс ұшқалы тұрғанын көріп, онда Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин болуы мүмкін деп, ұшақты тоқтатуды талап еткен. Әуежай басшысы Дастан Мәлиев ұшу жолағындағы рейсті тоқтату мүмкін емес екенін айтқан.

5 шілде күні сот залында Ақтөбе халықаралық әуежайының басшысы Дастан Мәлиев те болды. Оның сөзінше, қаңтардағы наразылық кезінде әуежайға жетпіс шақты адам жиналған. Нұралы Шахкөзов, Мәди Жұмабек пен Елхат Қосыбаев әуежай басшысына талап айтып, рейстерді тоқтатып тастаған кезде өзгелері ғимарат сыртында топтасып тұрған.

Қаңтар оқиғасынан соң тергеу изоляторына қамалған Нұралы Шахкөзов, Мәди Жұмабек пен Елхат Қосыбаев 2022 жылғы 20 мамыр күні үйқамаққа жіберілген. Яғни, олар төрт ай изоляторда, соңғы бір жарым ай бойы үйқамақта болған. Сот үкіміне сай, бұл үш азаматтың изоляторда болған әр күні екі күн, үйқамақта болған әр екі күні бір күн деп есептеліп, сот кескен жазадан шегеріледі.

Қаңтар оқиғасы кезінде «Ақтөбе әуежайын басып алған» Нұралы Шахкөзов, Мәди Жұмабек пен Елхат Қосыбаевтың ісін Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Талғат Кенжеболатов қарады. Судья Кенжеболатов бүгін тағы да сотталушылардан «процестік келісімді өз ықтиярларыңызбен жасадыңыздар ма?» деп сұрады. Нұралы Шахкөзов, Мәди Жұмабек пен Елхат Қосыбаев өзіне тағылған айыпты мойындап, ешқандай қысымсыз процестік келісім жасағанын айтты. Үкім шыққаннан соң сотталушылар пікір айтудан бас тартты.

Бас бостандығы үш жарым жылға шектелген Елхат Қосыбаев жеті жасар мүгедек қызы мен науқас әйелі бар, өзі жұмыссыз. Сотқа облыс орталығынан қырық шақырым Бесқоспа ауылынан келіп жүрді. Жеке кәсіпкер Нұралы Шахкөзовтің жеті баласы бар. Оның алтауы кәмелетке толмаған. Бұрын да бір рет істі болған Мәди Жұмабек құрылыста жалданып жұмыс істейді. Мәди Жұмабек үйқамаққа шығардан екі апта бұрын жүрегі ауыратын әкесі қайтыс боп кеткен.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Бақытжанов сотталушылармен бірге Ақтөбе әуежайына барған, бірақ белсенді әрекетімен көзге түспеген бірнеше адамның аты-жөнін атады. Бақытжановтың сөзінше, олар қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар