5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекет етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекет етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы, қарсылық көрсетпей, қызметкерлер қару-жарақ пен оқ-дәрілер орналасқан Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарын тастап кеткен фактілері де болды. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің лауазымды тұлғалары да әрекетсіздік танытты», – деді Қилымжанов Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу туралы өткен брифингте.

Оның айтуынша, аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар тергеуді аяқтады, қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу рәсімі жалғасып жатыр.

Қауіпсіздік күштері тарапынан тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері тіркелді. Ұсталғандарға дене жарақатын келтірген Алматы облысы полиция департаментінің бірқатар қызметкерлеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр, – деді Қилымжанов.

Айтуынша, күдіктілерге қатысты түрлі бұлтартпау шарасы қолданылған. Оның ішінде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы да бар.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар