2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Қайрат Заманбекұлы әкесінің өзіне қол жұмсағанына сенбейді

 

 

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді қайта бастауды талап етіп, ҚР Бас прокурорына арыз жазды.

Бірақ жаңа бас прокурор Берік Асылов журналистерге аталған шағымнан хабарсыз екенін айтты. Саясаткердің ұлы әкесін 2005 жылы 12 қарашада атып кеткенін алға тартты.

«Әкемді өлтіру айғақтарына қарамастан, бірден өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл даусыз дәлелдерге қарамастан, жүрекке екі рет және басына бір рет оқ атылған, бұл суицидтің техникалық белгілерін толығымен жоққа шығарады» деді Қайрат Нұрқаділов мәлімдемесінде.

Марқұмның ұлы суицид нұсқасына сенбейді және тергеуді қайта бастауды талап етті.

Сенат отырысында журналистер жаңа Бас прокурор Берік Асыловқа кіші Нұрқаділовтың мәлімдемесі туралы сұрақ қойды.

«Апелляция түсті ме, жоқ па?» деп сұрады Азаттық тілшісі. Асылов оған «ол туралы білмеймін» деді асығыс.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар