10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Қайрат Сатыбалдының тұтқындалған cәті желіде жарияланды

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды тұтқындалған сәті желіде жарияланды.

Бұл туралы саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының қамауға алынғанын хабарлады.

Антикор «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтік өкілеттігін аса ірі көлемде асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қ.Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде» делінген хабарламада.

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, «Антикор» қызметкерлері Қайрат Сатыбалдыұлын елден шықпақ болған кезде ұстаған.

Бұған дейін Сатыбалдыұлының «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 24 пайыздан астам акциясына иелік ететін Skyline Investment Company S.A. оффшорлық компаниясының негізін қалаушы екені хабарланған болатын.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар