-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ ІСІНІҢ ЖАҢА ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты жаңа фактілерді жария етті.

«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан.

Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған.

Қ. Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды»,- делінген ақпаратта.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда «Қазақтелекомның» қомақты қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыны шетелге ұшпақ болып тұрғанда ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған.

Агенттік ол кезде «Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр» деп хабарлаған.

Наурыздың ортасында Жемқорлыққа қарсы агенттік Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының үстінен «бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу» күдігі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Қайрат Сатыбалдыұлы — Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. 2018 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең бай елу бизнесмен тізіміне енгізген. Оның дәулеті 163 миллион долларға бағаланған.

Ол 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі – Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, «KazakhOil» компаниясының вице-президенті, «Қазақстан теміржолы» компаниясының бірінші вице-президенті болған. 2010-2015 жылдары ағасы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған «Нұр Отан» партиясында хатшы болды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар