2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

«Аузыңды жап та тыныш жүр», – деді. 10 жылдай Қайрат Рысқұлбековтың өлімі туралы ешкімге айтпай жүрдім.

 

Қайрат Рысқұлбековті қайтыс боларынан бір күн бұрын тергеу изоляторында моншаға апарған семейлік Мақсұт Оспанов ешкімге айтпаған деректерімен бөлісті.

Айқын басылымының хабарлауынша, Мақсұт Оспанов 1979-1991 жылдары Семейдегі оқшаулау тергеу изоляторының старшина жасағында конвой, бақылаушы, каптерщик қызметтерін атқарған. Оның айтуынша, Қайрат Рысқұлбековты моншаға қалай апарғаны әлі есінде.

Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі күзетшісі сұмдық шындықтың бетін ашты

Әлі күнге дейін есімде. Сағат 3 кезінде моншаға өзім ертіп апардым, киімін, бәрін ауыстырып бердім. Сағат 4-5 шамасында ка­мераға кіргіздім. Таңертең келсем, түрмеде айғай-шу. Қайрат қайтыс болыпты. Не болғанын өзім түсінбей қалдым» дейді Оспанов.

Мақсұт Оспанов Қайраттың ерекше бақылаудағы камерада отырғанын айтты.

«Бір кісілік камерада отырды. 22 камера – ерекше бақылаудағы камера. «Смертниктер камерасы» деп алалатын, онда ату жазасына кесілгендер отырады» дейді Мақсұт Оспанов.

Бұрынғы түрме қызметкері бұған дейін барлық кітап­тарда, баспа беттерінде «Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесіндегі 21 камерада ажал құшты» деген сөзбен келіспейді.

«Семей түрмесінде 10 жылдан астам еңбек еткен адаммын. Мен жұрт секілді естігенімді емес, көр­генімді айтып отырмын. Қайратты өзім камерадан алып шығып, моншаға апарып жүрдім. Меніңше, Қай­рат өз ажалынан өлген жоқ. Біреулер өлтірді. Ал оны 21 ка­ме­раға ауыстырса күндіз ауыстыруы керек еді. 22 ка­мераны екінің бірі аша алмайды. Жедел қызмет бас­тығы мен түрме бастығы ғана аша алады. Қайратты өзі отырған 22 ка­мерада өлтіріп, 21 камераға апа­рып тастауы да мүмкін» дейді ол.

Сондай-ақ, Мақсұт Оспанов Қайрат Рысқұлбековтың күнделігі жайлы естелік айтып берді.

«Түрмедегі әрбір кісінің зат­тарын, киімін қоятын арнайы орын болады. Қайраттың қалың дәптері сонда тұратын. Ұмытпасам, түсі қоңыр болуы керек. Іші тола жазу. Бір күні «Күнделігіңді оқуға бола ма?» деп Қайраттың өзінен рұқсат сұрадым.«Оқыңыз. Бірақ ешкімге бермеңіз», – деді. Біреуге берсем, өз басыма бәле болады ғой. Сөйтіп, Қайраттың күнделігін оқы­ған жайым бар. Оқыдым де­геннен гөрі шолып шықтым деге­нім дұрыс шығар. Әке-шешесіне арнаған өлеңдері, махаббат тақы­рыбындағы өлеңдері болды» дейді бұрынғы түрме күзетшісі.

Қайрат қайтыс боларының алдында күнделікті камерасына алып кетке­н. Мақсұт Оспанов оған күнделігін өзі қиылып сұраған соң жасырын түрде берген екен.

«Қиылып сұраған соң амалсыз бердім. Бір жағы қорық­тым. Біліп қойса, мені жұмыстан шығаруы да мүмкін еді. «Қолы­ңыздан алдым, қолыңызға беремін. Таңертең аласыз», – деді. Таңертең анадай жағдай болды. Күнделік сол күйі табылған жоқ. Кейін та­былды деп естідім. Өзім бірақ көр­ген жоқпын. Осылай боларын білсем, дәптерді көшіріп алар едім. Ол кезде фотоға түсіріп алатын ұялы телефон да жоқ қазіргідей» дейді ол.

Қайрат қайтыс болғанда оны жалғыз өзі моншаға апарғаны үшін Мақсұттан да күдіктеніп, сұрақтың астына алған кездер де болыпты.

«Сен ештеңе көрген жоқсың, моншаға апардың да алып келдің. Аузыңды жап та тыныш жүр», – деді бастықтар. 10 жылдай ешкімге айтпай жүрдім. Қазір ақырындап айтып жүрген жайым бар» дейді Мақсұт Оспанов.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар