2 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Қайғылы Қаңтар: Алматы телеарнасы екінші серияның тизерін ұсынды

«Қайғылы Қантар: Өрт пен Хаос» деректі филімінің екінші сериясы осы бейсенбіде сағат 18:00-де шығады.

 

Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздіктер мен жан түршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.

Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, бандиттердің әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды. Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.

Осы бейсенбі 8 желтоқсан сағат 18:00-де «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қаңтар: Өрт пен Хаос» деректі фильмінің екінші сериясын өткізіп алмаңыз.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар