11 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Қ.Тоқаев президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Генералдар Кеңесінің Төралқасы Қ.К.Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.

 

Ұзақ жылдар бойы мемлекет мүддесіне абыроймен қызмет еткен Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері осы күні де Отан мүддесін қорғауда.

Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауын талқылағаннан кейін «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасы бағдарламалық құжатта баяндалған ережелер мен ұсыныстарды іске асыруға белсенді қатысу туралы шешім қабылдады. Біз биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты толық қолдаймыз. Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет.

«Президенттік мандаттың бір реттік 7 жылдық мерзімін енгізуді ашық демократиялық мемлекеттің дамуындағы түбегейлі шара деп санаймыз. Бұл қадам еліміздің жаңа саяси дәуірінің алтын қазығына айналады. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай кезінде бейбітшілік пен келісімді бағалай білу қажет. Біз, ел егемендігінің қорғаны болған офицерлер, тәжірибелі, қоғамға қызмет етуге дайын саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынамыз», – деді отставкадағы генерал-майор, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Махмұт Төлеғұсов.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар