21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Путин мобилизаци жасады, соғысқа әскерге алу күшейтілді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин шұғыл бейнеүндеу жолдады. Онда елдегі азаматтардың белгілі бір бөлігін әскер қатарына қабылдайтыны, Украинадағы референдум мәселесін қозғады, деп хабарлайды Алаш.КЗ.

Ресей президенті халыққа тікелей эфирде бейнеүндеу жасады. Онда саяси ахуалға байланысты елдегі азаматтарды әскер қатарына жинақтау мәселесіне тоқталды.

«Әскери қызметке шақыруға қазіргі уақытта запаста тұрған және ең алдымен әскер қатарында қызмет өткерген, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар жатады. Олар жөнелту алдында міндетті түрде арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, қосымша әскери даярлықтан өтеді», — деді Ресей Президенті.

Coнымен қатар, ол Украинадағы референдум мәселесіне де тоқталды.

Донецк, Херсон тұрғындары референдум мәселесін көтеруде. Осы мақсатта Ресейдің қолдау көрсетуін сұрады. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Әрі қауіпсіздік мәселесін қамтуда бар күшімізді саламыз. Тұрғындар өз болашағын таңдауына қашанда құқы бар, — деді Путин.

Президент бейнеүндеуінен кейін Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеме жасады. Ол жартылай мобилизация кезінде әскер қатарына қанша азамат жиналатынын айтты.

Бұл жарлықтың студенттер мен білім қабырғаларындағы білімгерлерге қатысы жоқ. Әскери тәжірибесі бар азаматтар шақыртылады. Резервтегі тізімде шамамен 300 мың адам бар, — деді министр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар