-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Президентке менің ұсынысым жетеме екен?!

Кеше мемлекет басшысы Үкіметіміздің кеңейтілген отырысын өткізіп Премьер-Министрдің жарты жылдық есеп қортындысын тыңдады. Атқарылған жұмысты жоққа шығаруға болмайтын шығар. Бірақ Президенттің сөзін тыңдап көп жұмыстың тиісті деңгейде атқарылмай жатқанына тағыда көз жеткіздік.

Біріншіден Президент ел жағдайын біліп көріп отырғанын сездірді, екінші кімдер сылбырттық танытып отырғанында айтып кетті. Жалпы Үкіметтің жұмысының қай саласында болмасын кемшіліктердің орасан орын алып жатқанын көріп отырмыз. Тіпті бір сөзінде Тоқаев мырза саботаждық пиғылдыңда жоқ емес екенін білдіріпте кетті. Күзде көремін әуселелеріңді дегеніде сол шығар?! Мені ерекше мазалап жүрегімді ауыртқаны Президенттің мына айтқаны: «Қазақстанда экономистермен кәсіпкерлер көп, білімді, дарынды. Бірақ олардан нақты ұсыныстар аз тіпті жоқ деседе болады дегені». Бұл сөзінен мен мынаны түсіндім. Президентке көптеген кәсіпкерлердің еліміздегі бизнесті дамыту, экономистеріміздің елдің ақуалын түзету /ол салықтың өсуінде дамыту/ туралы ұсыныстарының толық жетпейтіндігі.

Екінші сол көптеген ұсыныстарды сараптап елгезектен өткізіп болашағы бар жобаны таңдап алатын нақты не Үкіметте, не Президент әкімшілігінде жауапты қызметтің, структураның жоқтығы. Менің ұсынысым: Президент әкімшілігі немесе Үкімет жанынан үнемі жұмыс істейтін бір топ құрып тек елдің экономикасын дамытуға бағытталған ұсыныстарды қабылдап автордың қатысуымен сарптан өткізіп отырса көптеген тиімді идея-жобалар пайда болатынына сенімдімін. Сенімділігім мынаған негізделеді: Үш ай болды мен өзім бір өте тиімді елге валюталық инвестиция әкелетін кәсіпкердің ұсынысын қолдап, жолын ашуға көмектесіп Үкіметтің беделді азаматтарына, екі облыс әкімдеріне кіргіздім. Бәрі түсініп, қызығушылық танытып, шығарып салыпты.

Ал ол жоба еліміздің бюджетіне болашақта жүздеген миллиард түсім әкелетініне сенімдімін. Ең қызығы ол жобаны енгізу еш қосымша қаржы шығынын талап етпейді және еш заң өзгертінімініңде қажеті жоқ. Тек сол бюждеттің қаржысын түгендей алмай отырған Үкіметіміздің қаулысығана қажет. Ал енді көрейік Президентке менің осы ұсынысым жетеме екен?!

Омархан Өксікбаев

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар