18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Президентке Мәсімов пен Сатыбалдыға қатысты істер хабарланды

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Тоқаевқа қылмыстық істерді, оның ішінде ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеу барысы туралы баяндалды.

— ҰҚК қабылдаған шараларға сәйкес, 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған заттар  заңсыз айналымнан алынды. Есірткі бизнесімен күрес аясында алты есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі арналары жойылды. Олардан 404,5 келі есірткінің әртүрлі түрлері мен екі тоннадан астам прекурсорлар*  тәркіленді, – деді Сағымбаев.

Агенттік қызметінің қорытындылары туралы баяндаған ҰҚК басшысы мемлекеттік шекараны қорғау саласында 2225 құқық бұзушы анықталғанын айтты.

— 500 млн теңгеден астам сомаға валюта, 1,3 млрд теңгенің халық тұтынатын тауарлары, 25 млн теңгенің жанар-жағармай материалдары заңсыз айналымына жол берілмеді. 57 аумақтық кіру режимін бұзушы  әрекеті тоқтатылды.  98,7 браконьерлік құралдар алынды. Алдын ала есептелген шығын 500 млн-нан астам  теңгені  құрады, – деп толықтырды ведомство басшысы.

* ҚР бақылау жасалуға тиісті есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде аталған есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, ҚР заңнамасына халықаралық шарттарына сәйкес бақылау жасалуға тиісті заттар.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар