13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Президент Тоқаев Алматы әкімін қабылдап, тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, – деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есебін тыңдады.

«Қала әкімі Мемлекет басшысының экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105 пайызды құрап, өңдеу өнеркәсібі өсімнің негізгі драйверіне айналды. Өңдеу өнеркәсібі өсудің негізгі драйвері болды. Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы қала әкімі есеп берді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 22,1 пайызға өсті. Жеке инвестиция көлемі бойынша (22,4) Алматы Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты Қалада іскерлік белсенділік қалпына келтірілді, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артты Есепті кезеңде 37,2 пайызға өсті», – деп атап өтті Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысына Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының орындалу барысы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар, сондай-ақ бекітілген негізгі даму басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, студенттік орындардың тапшылығын азайту шаралары, сондай-ақ оның бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндалды.

«Елбасы экономиканы одан әрі әртараптандыру және қаланың инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырмалар берді», – деп атап өтті Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар