2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Президент – ел сенімі мен ертеңіміздің кепілі

Айгүл ЖАНСЕРІКОВА,

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолдпанбалы өнер колледжінің директоры, этно-дизайнер, «Қазақстандағы этнотуризм және қолөнерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының негізін қалаушы:

Президент – ел сенімі мен ертеңіміздің кепілі

Біздің «Қаңтар қасіретінен» алған ең үлкен сабағымыз бейбітшілік пен тыныштықтың бағасын қатты сезіндік. Жайшылықта бәріміз «аспанымыз ашық болсын, еліміз тыныш болсын» деп жиі айтып жатамыз ғой, алайда оны осындай қиын сәттен кейін көбіміз жете түсіндік. Халықтың бойында сол күндері үлкен үрей болды. Ал үрей ақылсыз, ойсыз әрекеттерге алып келеді. Осы ретте Мемлекет басшысының халық алдына шығып, жағдайды шұғыл шешуге тырысуы көңілге сенім ұялатты. Бүліктен кейін дағдарып қалған елге басу айтқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынатын боламын» деуі бойға күш, ертеңгі күнге деген сенімді шегелей түскені жасырын емес. Президент дәл осындай күрделі кезеңде өзіне сенім артқан азаматтарға салмақты сөзімен рух берді, батыл шешімдерімен алға жетеледі.

«Қаңтар қасіретінен» алған екінші сабағымыз халық мемлекет дегеннің не екенін айқын түсінді. Әлемде өз мемлекеті жоқ қаншама халық барын бәрміз жақсы білеміз. Түркиядағы күрдтер, Қытайдағы ұйғырлар деген сияқты… Олармен кездескен кезде еліміз бен жеріміздің, мемлекетіміздің барына мың қайтара шүкіршілік айтасың. Шекарамыз бүтін ел едік. Ел басына сын сағаты келіп, Тәуелсіздікке қауіп төнді. Ол өте қорқынышты нәрсе екенін бәріміз түсіндік. Мұндай кезде тағы да мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің басты кепілі болған Президент Қ.Тоқаевқа арқа сүйегеніміз анық. Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде атқарылуы тиіс міндеттерін мінсіз атқарды. Оның жылдар бойы атқарған нәтижелі жұмысы, кәсіби қызметі, таза беделі халықты соңынан ертуге, сөзіне сендіруге қапысыз қызмет етті.

Елдің елдігін сақтауда ең маңызды нәрсе халықтың әлеуметтік жағдайы ғой бәрін шешетін. «Қаңтар оқиғасының» өзі де сол әлеуметтік жағдайдың ойдағыдай болмағанынан орын алды деп ойлаймын. Одан да алатын сабағымыз көп болды. Осы жағдай енді қайталанбас үшін бізге қоғамның барлық саласында реформалар қажет. Оны Президент өзі де айтып жатыр ғой. «Саяси және экономикалық реформалар жасалғанда барып халықтың әлеуметтік жағдайы жөнделеді» деген Мемлекет басшысының ұстанымы да дұрыс. Халық ішер ас, киер киімнен тарықпай, оған қажетті қаржы табу үшін жұмыс жасауға мүмкіншілік алса ешқашан «Қаңтар оқиғасындай» жағдайға бармайды. Өз елінің ешкім тыныштығын бұзып, мүлкін бүлдіріп, қиратпайды. Сондықтан әлеуметтік жағдайды көтеру үшін саяси және экономикалық реформаларды тездетіп жүзеге асыру қажет.

Шағын бизнесті дамыту әлемдегі оң тәжірибенің бірі. Егер олигархтар ғана баий беретін болса, қоғамдағы әлеуметтік алшақтық ұлғайып, әркім өзімен өзі өмір сүретін болады. Байлар шетелден яхта, сарай сатып алып қыдырып жүрсе, қарапайым халық ауылдан қалаға бара алмай қиналатыны анық. Сондықтан ауыл мен қала өмірінде айырмашылық бірте-бірте қысқаруы керек. Мен Швейцарияда 1 жыл жұмыс істедім. Онда байлар ауылда тұрғысы келеді, орталықта көбіне кедейлер тұрады. Ал бізде бәрі керісінше. «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында, меніңше осы мәселер ескеріліп, өзге елдердің озық тәжірибелері терең зерттелуі тиіс. Онда коррупция мен көзбояушылық болмау керек. Бізді құртатын мәселелер осы. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» құрудағы талпынысы көңілден шығады. Дегенмен, Қазақстанды мықты мемлекеттер қатарына қосамын деген Президент аманы жүзеге асуы үшін баршамыз игілікті істен шет қалмауымыз керек.

Тағы бір ескерерлігі, мемлекеттік қызметке адам жақсы өмір сүрем деп бармау керек. Онда еліме-жеріме жақсылық жасаймын, елді өркендетуге еңбек етем деген патриоттар ғана бару керек. «Жаңа Қазақстан» идеясында осы мәселе ескерілсе құба-құп. Барлық жерде санды ойнатып, өтірік көрсетілімдер жасаймыз. Басшылар келе жатса кем-кетіктің бәрінің бетін жылтыратып, тек жақсыны ғана көрсетеді. Проблемалар көтерілмейді. Сол себепті түйткілдер жылдар бойы шешілмейді. Ал олардың артында қарапайым халық тұрғанына осы уақытқа дейін жете мән берілмей келді.

Президент ең алдымен көзықарақты көшбасшысы. Өзінің кәсіпқойлығы мен сарапшылығын білдірткен адам ғана көзқарас көзбасшысы бола алады. Президент бұдан кейін де ел сенімін иеленгісі келсе айналасына өзгеше ойлайтын, ынсапты мамандарды топтастыру керек. Олардан Мемлекет басшысына елдегі шындықты ашық айта алатын Кеңес жасау маңызды. Ол қазіргі Кеңестердей формальды болмау керек. Онда ащы шындықты бетке айта алатын және бұл жағдайды қалай жөндеуге болатынын көрсетіп бере алатын адамдар болуы тиіс. Президент тыңдай білсе, олар халықты Президенттің айналасына топтастырып қана қоймайды. Оң көзқарас қалыптастырып, жақсы пікір тудырып, халықтың арасында Мемлекет басшысының саясатын тиімді жүргізуге де көмектесе алады.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар