2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Өзбекстан: Тәліптер Ауғанстанды «террористерден тазалап жатыр»

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды террористерден тазалап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Латвияның СІМ басшысы Эдгарс Ринкевичспен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтылды.

«Тәліптер өлкені террористерден тазалау үшін өте көп іс істеп жатыр. Бұдан бөлек олар аймақтық және халықаралық экономикалық қауымдастықтармен интеграция болғанын қалайды. Біз олардың мұндай әрекетін қолдап, сонымен бірге зорлық-зомбылықты тоқтату, терроризмді жою, достық көрші келісімдерді құру және ауған елінің жағдайын жақсарту секілді шарттармен талап етуіміз керек»,- деді Камилов.

Оның сөзінше, Ауғанстанға көмек берген Өзбекстанның жалғыз мақсаты — бұл өлкеде гуманитарлық апатты болдырмау. Министр өзбек тараптың бастамасымен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуді ұйымдастыру үшін Термезде көп функциялы халықаралық көлік хаб құрылғанын тағы бір атап өтті.

«Қазір бұл өлкедегі уақытша үкіметті тану және танымау жөнінде көптеген пікірлер бар. Біз тәліп үкіметін тану мәселесі олардың әрекетіне қарай шешілуі керек деп есептейміз. Атап айтсақ, уақытша үкімет өз уәделерін атқаруы тиіс, бұған сонымен бірге халықаралық қауымдастық қойып отырған талапты да орындау кіреді»,- деді Камилов.

Тәліптер Ауғанстанда билікті 2021 жылдың тамыз айында басып алған. Әзірге оларды әлемнің бірде-бір елі мойындамады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар