11 C
Almaty
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Отбасы банкінің «Жас отбасы» бағдарламасы тиімсіз – Д.Мұқаев

Блогер Отбасы банкінің жастар бағдарламасының шарттарын өзгертуді ұсынды.

Танымал блогер, журналист Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек екенін айтып, «Отбасы банкінің» жүйесін сынға алды.

«Дәулетті оқырман, Дәулетті армиям! Үйі жоқтың күйі жоқ» кесірінен мыңдаған отбасы ажырасып, қаншама бала толық емес жанұяда тәрбиеленуде. Бұл – болашақ ұрпақ үшін үлкен қасірет.

Сіздер білетіндей мен бірнеше жылдан бері баспана жырын жырлап келемін. Еліміздегі тұрғын үй бағдарламаларына түрлі өзгерістер керек. Соның ішінде «Жас отбасы» бағдарламасы мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек. Бұл бағдарлама жайлы мен 3 жыл бұрын да айтқанмын!» – деді желі белсендісі.

Ол өз сөзінде Отбасы банкіне қарасты «Жас отбасы» бағдарламасының тиімділігін ерекше сынға алды.

«Отбасы банкінің «Жас отбасы» бағдарламасы мүлдем тиімсіз. Себебі: бағдарламаның бастапқы жарнасы 50%-ды құрайды. Енді ғана шаңырақ көтерген жастарға мұндай жарнаны жинау өте қиынға соғады.

Қазіргі мен ұсынатын «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна 10%-дан, жылдық үстемақы 7%-дан аспауы керек!» – деп ойын аяқтады.

https://www.instagram.com/reel/Co9VZ0pIiqS/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар