5 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

ОСК партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

 

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. Сонымен қатар, 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасатын болады, – деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

 

Сондай-ақ ол партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланатынын жеткізді.

 

Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік, – деді ОСК төрағасының орынбасары.

 

Осылайша,

– Қазақстан халық партиясынан – 52,

– «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54,

– Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19,

– «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18,

– «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25,

– «Amanat» партиясынан – 90,

– «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді. Сонымен қатар, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.

«ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері – 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы – 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», – деп қорытындылады Константин Петров.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар