5 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

«Оралды Ресейге беру керек» деген «батырлар» тергелуде

Олар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды. Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты әңгіме қылған жігіттердің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Олар Чат-рулеткада шетелдік азаматпен әңгімелесіп, Ресейге қолдау көрсету керектігін сөз қылған. Әңгіме барысында тұрғындар еліміздің батысында орналасқан «Орал қаласын Ресейге беру керек» деп айтады.

Біздің елде украиналықтарды қолдайтындар көп. Ал біз Ресейді қолдаймыз. Ал Орал қаласын Ресейге беру керек, — дейді жігіттер видеода.

Енді осы видеодағы жігіттерге «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы дерекке қатысы бар азаматтар анықталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 174-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Қалған ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жария етілмейді, — деді БҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар