2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Өнерде шекара болмайды

Алматыда  шекарашы ардагерлер құрған «Застава тарландары» республикалық қоғамдық  бірлестігінің Алматы қалалық филиалы  ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша  департаментінің бөлімшелерімен бірлесіп, мерекелік шара ұйымдастырды.

7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс мерекесінің 77 жылдығына орайластырып, Алматының  Астана алаңында  әскери концерт өткізді.  ҰҚК шекара қызметі Қарасай ауданы бойынша  шекара басқармасының  әскери қызметкерлері атаулы шараға белсенділікпен қатысты.  Көпшілікке арналған мерекелік шара барысында  ҚР ҰҚҚК Шекара қызметі ансамблінің әншісі Зәмзәгүл Кенжебаева  әскери тақырыпта жазылған рухты жанитын әндерді шырқап, тыңдарманның көңілін серпілтсе, ардагер әншілер  Р.Шукуров, М.Хитяков, Луконский   жеңіс мерекесінің көңіл-күйін сездіретін әндерді  орындады.

Шекара академиясының әскери оркестрі де  тамаша туындыларды тарту етіп, кештің рухын көтерді.  «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру негізінде қолға алынған игілікті іс  жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге серпін беретіні сөзсіз.

Отан қорғаушылар күні мен жеңіс мейрамы қарсаңында алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған елдің шеті, желдің өтіндегі шекарашылар өнерде шекара болмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған шараны ұйымдастырушы  «Застава тарландары»  республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының  төрағасы, генерал-майор Марат Мәжитов: «Мереке  қарсаңында ардагерлерге рухты әндерді тарту ету арқылы  тарландардың көңілін көтеріп, жастарымызды отаншылдыққа баулып, патриоттық сезімдерін оятуға күш салу мақсатында жүзеге асырып отырмыз», – дейді.

Қуан Нұрдан 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар