-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Ол – рухани мүгедек»

 

Актер Алмат Сақатов желіде қызу талқыға түскен Диана Қырықбайға қатысты видеоға пікір білдірді. Оның айтуынша, жүргізуші мұндай қадамға атын шығару үшін барған.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Қалайсыздар? Амансыздар ма? Желіде бір қызды «сексуальный» деген сөзді қалай аударғанын айтып жатыр бәрі. Иә, есалаңдау адам. Қайтесіздер? Ондайларды рухани мүгедек деп атайды. «Атың шықпаса, жер өрте» дегеннің кері. Өзін атақты ете алмай жүрген адамдардың тірлігі. Сондықтан оларды талқылап, атақты етіп жіберудің керегі жоқ. Айтады, қояды. Оларға бас қатырудың керегі жоқ. Оларды рухани мүгедектер деп атайды. Әйтпесе ондай арсыз сөзді мен де айтпаймын, сіз де айтпайсыз. Есалаң адамдар айтады. Одан да басқа проблема жетіп жатыр. Сондықтан бас ауыртпай-ақ қойыңыздар. Өмір өзі орнына қояды» деді актер.

Еске салсақ, тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында сауалнама жариялаған. Ол оқырмандарынан «сексуальная» сөзінің қазақша аудармасын білесіз бе?» деген сұрақ қойған. Жауап ретінде бірнеше нұсқа қойған. Диана Қырықбайдың бұл қылығы желіде қызу талқыға түсті.

Актер Алмат Сақатов сөзді қазақшаға ұяттау аударған жүргізушіні сынға алды
Іnstagram / diana_kyrykbay

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар