-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Нығматуллиннің туыстары бірнеше ауылды сусыз қалдырған

 

«Нұрлан Нығматуллиннің туыстары аулымыздың берекесін кетірді» деген құмсайлықтар үкіметтен  көмек сұрайды. Бюджеттен бөлінген жүздеген миллион теңге ақшаның сұрауы жоқ па? Ел аң-таң.

Құмсай -Ақтөбе облысының шалғай ауылдарының бірі. Өңірдің Мұғалжар ауданына қарасты ауыл ауыз су зардабын тартып отыр. Ауылға ауыз су тартуға бюджеттен 361 миллион теңге ақша бөлінген. 2021 жылдың күзіне дейін жұмыстар аяқталуы керек болатын. Бірақ тендерді ұтқан мердігер «Дәнекер» ЖШС компаниясы да, су да жоқ.

Алыстағы бірнеше ауылды сусыз қалдырған Нығматуллиннің туыстары ма?

«Осы жұмыстың тендерін Нұрлан Нығматуллиннің туыстарына берген. Тек бұл емес бірнеше объект алған. Не деген масқара? Жоғарыдағылардың бәрі сыбайлас болып тұр. Әйтпесе, жүздеген миллион теңге ақшаның шырайы шығатын уақыт болды. Қарапайым адам біреуден бір миллион теңге алып кетсе, қамап тастайды» дейді Жайлыбек Айтмағанбетов.

Ауыл іші астаң-кестең, су жүргізу үшін қазылған құбырлар орны көмілмей қалған. Аяқталмай қалған жұмыстар ауыл өмірін екі есе қиындатып жіберді. Шұңқырға ауылдың малы мен адамы түсіп, әбден мазасы қашты.

«Мемлекеттің ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы бағдарламасы кеше шыққан жоқ. Он жылдан аса уақыт айтылып келеді. Республикалық бюджеттен ауылға су кіргізуге жүздеген миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл дегенің елдің ақшасы ғой. Енді оның мақсатты игерілгенін неге қадағаланбайды? Үкімет қайда? Ақшасы бөлініп берген жұмысты жасата алмай отыр. Шынын айту керек, ел осыдан кейін таң қалудан да шаршады, айналайын. Айта берсең шежіре. Ауылда жағдай болмай жатыр. Ауылды көркейту керек деген ауызбен ғана айтылады. Ештеңе істеліп жатқан жоқ»  дейді ауыл тұрғыны Амангелді Көпжасарұлы.

Тұрғындармен бірге шырылдаған ауыл әкімі де жұмысты аяқтамай кеткен мердігер компанияға ештеңе істей алмай отырғанын айтып ақталды.

«Су кіргізу жұмыстарын 2021 жылдың қарашасында бітіру керек еді. Мердігер компания жауапсыздығынан болар, жасалмай қалды. Олар көп жерден тендер ұтып алған. Ауыл іші қазылып жатқаны рас.  Бірақ мен ол жерді көме алмаймын. Оған қаржы керек. Күнде таңертең тұрғанда соларға хабарласамын. Мен не істей аламын?» дейді Құмсай әкімі Асылбек Тұғыров.

Мұғалжар ауданының әкімдігі мердігер компания «Дәнекер» ЖШС-нің үстінен сотқа арыз түсірген. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.

Белгілі болғандай, жұмысты аяқтамай басы дауға қалған «Дәнекер» ЖШС Құмсай ауылынан бөлек, Мұғалжар ауданының Жарық елді мекені және Қандыағаш қаласындағы Нұрлы көш ауданына ауыз су тарту жұмыстарына тендер ұтып алған. Оларда да жұмыстар аяқталмай тұр.

Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар