12 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Нығматулин Атырау арқылы Бакуге ұшып кетті

 

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін наурыздың ортасында Қазақстаннан ұшып кетті.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Дереккөзінің хабарлауынша, Нығматулин Нұр-Сұлтаннан Атырауға жеке ұшақпен барды. Содан кейін бірден Comlux компаниясының ұшағына мініп, баратын жері ретінде Баку қаласын таңдаған.

Нығматулиннің елден осындай оғаш жолмен кетіп қалуы экс-спикердің ізін жасырмақ болғанын көрсетуі мүмкін.

Ғаламтордан және дереккөзден белгілі болғандай, Нығматулиндер отбасының жеке ұшағы бар және ол онымен Дубайға, тіпті Лондонға да оңай ұша алатын.

Алайда, оның айтуынша, Нығматулин осындай күрделі бағытты өзі тандаған. Алдымен Атырауды, кейін Бакуді таңдаған. Кейін Әзірбайжан астанасынан кез келген елге, бәлкім, басқа төлқұжатпен ұшуға мүмкіндік болатындай істеген.

Бұған дейін Telegram арналарында Нығматулиннің қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын, бірақ ол расталмады.

Шекара қызметінің базасында Нұрлан Нығматулин мен оның егізі Ерланға қатысты шектеу белгіленбеген.

Бүгін Orda.kz мәжілістің бұрынғы спикерімен бізге белгілі барлық телефон нөмірлері бойынша хабарласуға тырыстық. Бірақ телефон өшірулі. Оның жеке көмекшілері ақпаратты растамай да, жоққа да шығармай, сұрақтарға жауап беруден жалтарады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар