18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Нұрсұлтан Назарбаев аты-жөнін өзгертті

 

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев салық базасындағы аты-жөнін толығымен өзгертті.

Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» хабарлайды.

«Неге екені белгісіз, қарапайым зейнеткер (Нұрсұлтан Назарбаев – Ред.) ИНИС салық базасында өзінің толық аты-жөнін өзгертті. Қазір оның есімі «NAZАРБАЕВ NYRСУЛТАН ABIШЕВИЧ» делінген хабарламада.

Сонымер қатар, Назарбаевтың мемлекетке 4438 теңге айыппұл төлеуі керектігі көрсетілген.

Еске салсақ, Назарбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін алғаш рет үндеуін 18 қаңтар күні жасады. Ол өзінің елден кеткендігі туралы қауесетті жоққа шығарды және наразылықты ұйымдастырушылар Қазақстанның мемлекет ретіндегі тұтастығы мен негізін жойғысы келетінін мәлімдеді. Назарбаев өзінің зейнеткер екенін айтып, сонымен қатар Қазақстанның саяси элиталары арасында ықпал үшін күрес жоқ екенін атап өтті.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар