22 C
Almaty
Дүйсенбі, Маусым 5, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен ақша жымқырды деп айыпталды

 

Қаржы мониторингі агенттігі жұмысын тоқтатқан Delta Bank-тің топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.

«2012-2017 жылдар аралығында астық олигархы Нұрлан Тілеубаев банк қаражатын қайтарымсыз несиелер жолы арқылы заңсыз шығарғанын анықтаған. Нұрлан Тілеубаев банктің акционері болған» деді Қаржылық мониторинг тобының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Тергеу кезінде Тілеубаев пен оның жақындарының жалпы құны 48 млрд теңгеден асатын мүлкі тәркіленді. Атап айтқанда, бес қант зауыты, 20-дан астам жер телімі, 70 жылжымайтын мүлік нысаны, 40 көлік.

Тілеубаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия мен Чехияда орналасқан активтері бұғатталған.

«Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 млрд теңге, 200 млн доллар және 4 млн еуроны құрады. Қылмыстық іс сотқа жолданып, сотталушылар қамауға алынды» деп қосты Салтанат Көшербаева.

Еске салсақ, Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен бөлек үш банктен (Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki) жымқыру ісі бойынша жазасын өтеп жатыр. 2021 жылдың наурыз айында сот оны және экс-банкир Жомарт Ертаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар