«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі – Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады», – делінген хабарламада.
Кеңес құрамына:
Әлиев Н.Р.; Покупателев Д.А.; Өтемұрат Б.М.; Гумаров Э.М.; Ахметжанов А.М.; Аниховский В.А.; Ибраимов К.У. Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
«Транстелеком» АҚ ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрәли Әлиев алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.