16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Назарбаевтан да дәурен өтті. Конституциялық сот «Тұңғыш президент — Елбасы» заңының күшін жойды

Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, «Тұңғыш президент – Елбасы» заңының күшін жойды. Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.

Конституциялық сот бұл шешім «2022 жылы 5 маусымда өткен референдум нәтижесіне» және «Қазақстан халқының еркіне негізделе шығарылғанын» айтады.

Сот «2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады» дейді.

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.

Былтыр желтоқсанда мәжіліс «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы Конституциялық заңның күшін жою процесін бастаған. 2000 жылы қабылданған «Тұңғыш президент – Елбасы заңы» елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына көп басымдық береді. Заңға сай, Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.

«Тұңғыш президент» заңында Назарбаев және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің «банктік шоттарының құпиялығына және банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні» жазылған. Қоғамда «Елбасы заңын» жеке басқа табыну деп сынға алғандар көп болған.

Сарапшылар Қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреді, ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді дейді. Тоқаев өз сөздерінде Назарбаев пен оның айналасын сынға алып, Назарбаевтың жақындарын қызметтен алған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжілістегі депутаттық мандатын тапсырып берді. Экс-президентің немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Назарбаевтар әулетінің құдасы Қайрат Боранбаев «ақша жымқыру» айыбымен қамауға алынды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар