-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Назарбаев: «Тоқтат!», – деді»

Амангелді Шабдарбаевтың есім-сойын ешкім ұмыта қойған жоқ. 2006-2009 жылдары ҰҚК-де төраға болды. Кейінгі жылдары саяси сахнадан мүлде көрінбей кетті. Оған Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділовке жасалған қастындық пен тергеу жақсы таныс. Төмендегі әңгіме Шабдарбаевтың сол екі оқиға туралы өз пайымы. 

Амангелді Шабдарбаев:

Мені Алтынбек өлтірілген соң 5-6 күннен кейін ҰҚК-ге төраға етіп тағайындады. Бірақ осы істі аяғына дейін жеткіздім деп ойлаймын. Мысалы, Алтынбектің өлімі туралы Рахат Әлиев кезінде кітабында жазды. Одан кейін Әлнұр Мұсаев та қаншама сұхбат берді. Осылай әрқайсысы айтып-айтып келеді де, соңына таман өз ыңғайына қарай бұрып жібереді. Бірақ барлығының сөзінде шындық бар.

А.Сәрсенбайұлын өлтірген адам белгілі. Қылмыскер Торғайдағы түрмеде жатқанда оған барып, 2-3 сағат сөйлестім. Сұрақ қойдым, жауап алдым. Оның бәрі жазылған. Бұл менде болды. Сонымен, бәрін жазып, тексеріп жүргенде Назарбаев: «Тоқтат!», – деп, бұл істі белсенді түрде тергеп-тексергенімді қаламағанын білдірді.

Содан жазылған таспаның бәрі бізде қалды. Мен қызметтен кеттім. Менен кейін маған көмектескен әріптестерім болды. Орынбасарым болған Әділ Шаяхметов 8 ай істеді. Одан кейін Нұртай Әбіқаев келіп, 5 жылдай отырды. Ол біздің материалдарды алып, Рахат Әлиевті кінәлі етіп шығарды.

Алтынбектің туыстары келетін болса, журналистермен бірге әңгімелесіп отырып, қай жері дұрыс, қай жері бұрыс екенін ашып бере аламын. Бәріне жауап беретін уақыт келді, айтамын.

Бірінші нұсқа – Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев. Екінші нұсқа – Мұсаевтың айтуы бойынша, Назарбаев телефонмен сөйлескен кезде  жай ғана: «Айт оған, қойсын! Қоймаса, өлтіремін деп қорқыт», – деген-мыс. Бірақ екеуінің арасында әңгіме болған. Оны бақылап отырған үшінші адамдар болды.

Ибрагимовке тапсырманы шынымен де Әлиев пен Мұсаев беруі мүмкін. Себебі, «Арыстанның» жігіттеріне олардың телефондарын әдейі берген. Олар телефон арқылы ұсталды. Өзім сол кезде «Арыстанның» жігіттерін құтқарайын-ақ деп оқталып едім. «Бұлардың кінәсі жоқ. Оларға тапсырма берді, бұлар орындады», – дедім.

Назарбаев маған «Рахатқа неге тиісіп жатырсың?» дегендей сыңай танытып, жіті тексеруге рұқсат етпеді. «Сәрсенбаевты билік өлтірді» деп сол кезде бүкіл қоғам дүрлікті. Егер «Арыстандағылар» шын маман, нағыз офицер болса, сол кезде өздері келіп: «Бұйрық бойынша ұстадық, мыналардың қолына тапсырдық», – деп айтуы керек еді. Бірақ олар оны айтпады, мойындамады да, көмектеспеді де.

Түпкі шындыққа жете алмайтын себебі, бәрі қазір «Назарбаев тапсырма берді, сол өлтірткізді» дейді. Ол: «Аузын жаптырыңдар!» деп, іштей ызамен айтуып, бірақ мұны тапсырма деп түсінгендер өлтіріп тастауы мүмкін.

Егер билікте болсам, шындықты айтқызып, тапқызып, дәлеліне дейін көрсетіп берер едім. Бірақ қазір менің қолымда билік жоқ, құры айтқаным дұрыс болмайды. Сосын мұндайды мойныма алғым да келмейді. Мұны біреулер пайдаланып кетуі мүмкін.

Заманбек өзін-өзі өлтірген жоқ. Оны өлтіруге тапсырма берілді. Өлтірілді деп айтуға болады. Өлген адам өлді. Енді қазір тіріліп келмейді. «Өлтір деп кім тапсырма берді?» деген сауалға «билік» деп айтуға болады. Яғни, бір ғана адам емес.

Қазір шындыққа ешкім жете алмайтын себебі, бәрі «Назарбаев кінәлі» дегісі келіп отыр. Бәлкім, Назарбаев ашумен: «Үнін өшіріңдер!», – деуі мүмкін.

Ал тапсырма алған адам «үлкен кісі айтты ғой» деп асыра сілтеп, өлтіруге тапсырма беріп жіберген шығар. Мұны орындаған үшінші, төртінші адам дәл осылай шектен тыс асырып жіберген болуы мүмкін. Енді қазір Назарбаев «өлтір деп айтқам жоқ» деп те, «мен ашумен тапсырма бердім» деп те ақтала алмайды.Бұл істің түбіне жету қиын. Бірақ бір шындық бар: Заманбек өзін-өзі атқан жоқ, оны өлтірді.

Шын мәнінде, өлтірткен Назарбаев емес шығар. Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев осыны пайдаланып, өздері-ақ өлтірткен болуы мүмкін. Бірақ осының бәрі билікке, Назарбаевқа сенімсіздік туғызады.

(Материал nege.kz сайтынан ықшамдап алынды!

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар