14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Назарбаев көшесін «Қаңтар» деп атау ауыса ма?

6 шілдеде Алматыда бір топ саясаткер, қоғам белсендісі және қала тұрғындары Республика алаңына барып, Қаңтар қырғынын еске алып, құрбандарға құран бағыштады. Шара барысында қаладағы Назарбаев көшесін Қаңтар деп атау ұсынылып, қайғылы оқиғаға арналған ескерткіш макет те таныстырылды.

Қаңтар оқиғасына арналған ескерткіш жобасын таныстырған саясаткер Болат Әбіловтің түсіндіруінше, ескерткіштің қақ ортасында ту ұстап тұрған – Берік Әбішев, ал жанындағы адамдар оқиға кезінде қаза болған балаларды бейнелейді. Оның ар жағында 6 қаңтарда кешке Республика алаңына шыққан «Қарапайым халықпыз, террорист емеспiз» деп ұзын баннерге жазып алған халық тұр. Тақтатасқа қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың тізімі жазылмақ.

Қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш. Алматы, 6 шілде 2022 жыл.

 

Қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш. Алматы, 6 шілде 2022 жыл.

«Террористердің аты-жөнін ғана алып тастау керек. Бірақ қаза болғандардың 90 пайызы – қарапайым адамдар» деді Әбілов. Оның сөзіне қарағанда, ескерткішті қаржыландыруға дайын азаматтар да бар.

– Мынау қанды алаңға айналды. Соны ұмытпауымыз керек. Билік бұған қарсы болатын шығар, кедергі келтіретін шығар. Бірақ біз оны қалай да орнатуымыз керек, – деді Қаңтар оқиғасына арналған ескерткіш жобаны меңзеген қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы.

Еске алу шарасында кезінде Болат Әбілов қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын қаладағы орталық көшені Қаңтар деп атауды ұсынды.

(Ақпарат толықтырылады).

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар