-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Назарбаев көмекшісі Ақышевты қызметінен босатты

Данияр Ақышев Қазақстан Тұңғыш президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Alash.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімі бойынша, Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің көмекшісі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Данияр Ақышев президенттің кеңесшісі болып 2019 жылы ақпанда тағайындалған болатын.

Данияр Ақышев 1976 жылы дүниеге келген. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономист мамандығы бойынша түлегі. Осы жылдар ішінде Орталық Азия қор биржасында жетекші экономист қызметін атқарды. Ұлттық банктің Ғылыми-зерттеу және статистика департаментінде түрлі қызметтер атқарған. Ұлттық банктің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды.

2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ол Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2014 жылдың тамызынан 2015 жылдың қарашасына дейін Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін уақытша атқарды.

Ол 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін ҚР Ұлттық банкін басқарды . 2019 жылдың ақпан-сәуір айларында Президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. 2019 жылдың 9 сәуірінде ол еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалды .

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар