Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды. 2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР «Ұлттық әл -ауқат қоры туралы» Заңында 6-1-бап («қорды басқару жөніндегі кеңес») алып тасталсын», – делінген құжатта.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болатын. Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.
Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері мен мәртебелерінен айыра бастады.