Posted inСаяcат

Навальный Путинмен адами текетіресінде жеңіске жете алды

Сайлау дақпырты қалай шықты, жұрттың есіне Навальный түсті. Бірақ Навальный жоқ. Бір аптадан бері оның жолдастары қайда екенін анықтай алмай жатыр. 11 желтоқсан күні оның адвокатына Алексей Навальныйдың Владимир облысының Мелехово ауылындағы № 6 түзеу колониясында бұдан былай есепте жоқ екені хабарланады.

Осы жағдайдан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейлік билікке Навальныйдың қамаудағы тағдырына жауапты екенін және «кінәлілерді халықаралық қоғамдастық жауапқа тартатынын» ресми түрде ескертті. Әрине, Кремль мұндай ескертуді құлағына да қыстырмайды. Аbai.kz жазғандай, Путиндік жүйенің бұл жайтқа қатысты өз білгені бар шығар?

1 желтоқсанда Навальный телеграм-арнасы саясаткерге сілтеме жасап, оның үстінен вандализм бабы бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлан болатын. Бұл турасында Навальный «Олар маған қарсы әр үш ай сайын жаңа қылмыстық іс қозғайды. Сотталғаннан бері түрлі құқайды көріп, әрі бір жылдан астам жалғыз камерада отырған адам бұрын-соңды мұндай бай қоғамдық-саяси өмірді бастарынан еш өткізген емес», – деп түсіндірді.

Baza Telegram арнасы Алексейдің Мәскеуге жаңа қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жіберілгенін жазып, бірақ бұл ақпараттың өзінің шын-өтірігін растауды қажет ететінін ескертті. Өткен жылы Навальныйға «экстремизм» үшін айыптап, он тоғыз жыл ерекше режимге жаза кескен болатын. Оппозицияшы ғана емес, сонымен бірге Путиннің жеке бас дұшпаны болып табылатын жан түрмеде шіріп өлмей бостатылмайтыны барша жұртқа айқын болды. Ал, оған айып үстіне айып тағу оның жеке басын масқаралау болып табылады.

Біліктілігі күмән тудыратын сот дәрігерлерінің бақылауындағы 47 жастағы Навальныйдың абақтыда өлу мүмкіндігі, барша жағдайы жасалып, небір білікті дәрігерлер асты үстіне түсетін 71 жастағы Путиндікінен әлдеқайда жоғары. Ресей президентінің тарихта ұлы билеуші, көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалу идеясына құмарлығы бәрімізге белгілі. Бірақ Путиннің ұлылық бейнесін оның саяси қарсыласына деген көзқарасы бұзады. Пригожин көтерілісі Путиннің шынымен кімнен қорқу керектігін анық көрсетті: көшелер мен алаңдардан әлдеқашан аластатылған тісі жоқ либералдар емес, режим асыраған бес қаруы сай фанатиктер өте қауіпті. Шет елге тарап кеткен немесе лагерьде отырған бейтаныс адамдар емес, қожайынның көзіне ілтипатпен қарайтындар оны өлтіруге бейім екендігі дәлелдеуді керек етпйетін фактіге айналды.

Путин Навальныйды иттің етінен де жек көреді, өйткені ол өзіне ешқашан күмәнданбады және 1990-ші жылдардың соңында кездейсоқ билікке тартылып, одан әрі қарай тайып тұрған адамның жеке басының шынайы ауқымы мен адамгершілік қасиеттеріне күмәнданбады. Навальный мен оның командасының тергеулері мен журналистік мәлімдемелерінде тәждегі сұр түстің портреті дәл берілгендіктен, алдымен оны улау, ал емделгеннен кейін қайтып келгенде, түрмеде шіріту туралы бұйрық берілді. Нағыз ұлылыққа жомарттық қасиет тән дейміз, бірақ бұл Путинге қатысты емес.

Навальныйға қатысты іс-әрекетімен Путин өз адами сұқпытын айқын танытты.  Навальныйдың 2021 жылдың қаңтарында, яғни үлкен соғысқа бір жыл қалғанда уланып, Ресейге оралғанына басқаша көзқараспен қарауымыз керек. Бәлкім, бұл саясаткер өз отанының болшағына балта шабылып жатқанына бейжай қармағаны үшін билікке айкәпір болды. Жазаға ұшырайтынын білсе де еліне оралғандығы Навальныйдың батырлығы. Навальный Путинмен адами текетіресінде жеңіске жете алды.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті

Пікір үстеу