15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Наурызбай ауданында екі емхана салынады

Соңғы жылдары Алматыда медициналық мекемелер де жиі салына бастады. Өйткені халық санының өсуіне қарай медициналық мекемелердің де саны жеткілікті болғаны жөн. Осы орайда Алматы қаласының жаңа ауданында келер жылы екі емхана құрылысы басталып тұрғындардың пайдалануына берілмек. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 500 адамға арналған 2 жаңа емханаға қоса 1 дәрігерлік амбулатория да салу жоспарлануда.

Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде, қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастау жоспарлануда.

Екінші емхана бойынша Шұғыла шағын ауданында жобалау ұйымымен шарт жасалды. Құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады.

Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады. Қазіргі таңда медициналық қызмет үшін шалғай жерлерге шабылып жүрген халық, бұл қуанышты хабардың орындалуын асыға күтіп отыр.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар