-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

НӘН Мәскеуге неге барды? Әлде тағы бір бүлік күте береміз бе?

Жақында ғана Назарбаевты оған берілген екендіктері сыннан өткен журналистер шоғыры қайда барса да, қаумалап алып жүрді, әрбір басқан қадамынан кейін жаңалықтар тасқыны желісіне ол жайында кураторлардың тексерулерінен өткен ақпарлар саулап түсіп тұрды. Бірақ бәрі де өтеді, бәрі де өзгереді. Бүгінде бұрынғы Елбасының шетелдік сапарларының өзінің жай-жапсарлары жұртқа құпия сияқты болып көрінеді. Сондықтан Ulysmedia.kz Қазақстанның бірінші президентінің Ресей Федерациясының астанасына баруына не себеп болғанына ой жүгіртуге әрекет жасап көрді.

Сапар ма, әлде шақыру ма?

Желіде Назарбаевтың Мәскеу отельдерінің біріндегі жаңа суреті жарияланған бойда жұртшылық «не болып қалды, ол не ойластырып барды, Путинмен неге келіскісі келді, әлде біздің жаңа тәртіпсіздіктерді күте беруіміз керек пе» деген мазмұндағы сұрақтарды алға  тарта бастады.

Назарбаевтың Мәскеуде жүргеніне де үш күн болды, ол мінген «Airbus A320 Neo» ұшағы Внуково әуежайына жұма күні барып қонғаны да белгілі. Елбасы мінген автомобильдің аэропорттан Өтемұратовтың егелігіндегі мейманханаға дейін жетуіне дейін арнайы кортеж колоннасы алып барды.

Әуелгіде журналистер бұрынғы президент РФ астанасына Ресей күнін атап өту мерекесіне барған екен деп ойлап қалып еді, алайда, Путиннің қатысуымен өтетін шаралардың бәрінің кестесі жазылып тұратын Ресей президентінің сайтында Қазақстаннан келген қонақ жайында бір ауыз сөз де жазылмапты. Баспасөз қызметі жұма күні келіссөз жүргізген Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедовтің де салтанатқа қалатын-қалмайтыны жайлы ештеңе айтпапты. Ал жексенбіде Путин Үлкен Кремль сарайындағы Георгий залында дәстүр бойынша «Ресей Федерациясының Еңбек Ері» алтын медалі мен Мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды. Ол сенбі күні сонда не істеген? Бәлки, тап сол күні Назарбаевпен кездескен шығар? Әлде ондай кездесу әлі болған жоқ па?

Халық еркін білдірді…. бірақ әлі ештеңе өзгерген жоқ

Неге екені белгісіз, Путин көпшілік дауыспен Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданған референдумнан кейін Қазақстан халқын да, Тоқаевты да құттықтаған жоқ. Қолы бос болмады ма немесе қай жағына шығарын білмеді ме? Әлде біздің таңдауымызды мойындамай, қаңтарда қозғалып кеткен тетікті тоқтатқысы келіп отыр ма? Әйтпесе, Қазақстанның бұрынғы президенті көрші елдің президентінен нені өтініш етуі немесе онымен не жөнінде келісуі мүмкін, неге бұлайша бәрін бұлар құпия етіп ұстап отыр – біз мұны білмейміз, бірақ референдумның енді елге айта қоярлықтай өзгеріс әкеле қоймайтынын сезіне түскендейміз.

Енді Елбасы емес, ол тек қана Назарбаев

«Өте жақын арада елдің Бірінші президенті – Елбасы туралы заң өзінің күшін жояды», деді жақында парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов.

«Конституциядағы жаңа түзетулер елбасы мәртебесін алып тастайды, бірақ Назарбаевтың мемлекет негізін қалаушы ретіндегі рөлі сақталып қалады. Біз осы түзетуді енгізгеннен кейін бірінші президент туралы заң да күшін жояды», – деп қазақстандықтарды  тыныштандырды Қошанов сосын.

Ал біз осы «жоюдың» қандай болып көрінетінін күтіп жүрміз. Мысалы, ұшақ, кітапхана, әкімгершілік және т.б. бұдан былай зейнеткер Назарбаевтың құзырында қалатын-қалмайтынын білгіміз келеді. Депутаттар Нұрсұлтан Әбішұлы мен оның аппаратын ұстап тұру үшін бөлінген бюджеттің миллиардтаған теңгесін қайта қарай ма?

Сөз ретінде айта кетейік, ҚР бірінші президентінің кеңсесіне 2022 жылы бюджеттен 2 жарым миллиард теңге қарастырылса, оның қызметін қамтамасыз ету қызметіне тағы 1 млрд 193 млн 523 мың теңге бөлінген. Бұлардан бөлек, кітапхананың іс-әрекетін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке 1 млрд 392 млн 931 мың теңге белгіленген.

Ал әзірге ешқандай да шығын орын алған жоқ, бізге қазір тек Назарбаев Мәскеуге не үшін ұшып барды, ол Тоқаевтың ту сыртына шығып, неге Путинмен кеңеспек болды, – солардың жайын болжау ғана қалды.

Еске сала кетейік, бүгін, 12 шілде күні әлеуметтік желіде Назарбаевтың Мәскеуде түскен суреті тарады. Байқап қарағанда, оның олигарх Болат Өтемұратовтың отелінде тұрып жатқанын аңғаруға болады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар