-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Мұхтар Жәкішевке полицияға жүгінуге тура келіді

 

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішев Қазақстан халқына арнаған видео үндеуін түсірді.

– Құрметті достар, кейбір алаяқтар интернетте инвестициялық қор құрып, бұл қорды Нұрлан Смағұлов екеуміз құрдық деп отыр. Бұл жалған, алаяқтарға сенбеңіз. Мен ешқандай қор құрған жоқпын және болашаққа – құруды жоспарлап отырған жоқпын. Сондықтан мұндай жарнаманың бәрі жалған. Құқық қорғау органдары, осы өтінішімді қарауыңызды сұраймын. Рахмет достар, алаяқтарға алданып қалмаңыз және ақшаңызды аудармаңыз. Абай болыңыздар!, – деді Мұхтар Жәкішев.

Еске салсақ, 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының қылмыстық соты «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бас бостандығынан айыру орындарында ол 11 жыл болды.

2009 жылдан бастап Жәкішев пен оның жақтастары сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылды.

Кейбір қазақстандық құқық қорғаушылардың пікірінше, Жәкішев 2009 жылы Қазақстаннан кеткен бұрынғы банкир және қазақстандық биліктің сыншысы Мұхтар Әбіләзовпен достық қарым-қатынасы үшін қылмыстық қудалауға ұшырады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар