10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Мұхамеджан Тазабек Тоқаевқа өлең арнады

 

«Talim TV» телеарнасының директоры, ақын Мұхамеджан Тазабек референдум мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең шығарды.

Өлеңді Тазабек өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Азанмен әтірленіп, кофелендім,

Елімде боп жатқасын референдум.

Шет жатқан үш жүз шақырым Боржомиден,

Тифлиске такси жалдап, жеке келдім.

Елшілігің болғаны қандай жақсы,

Қасқайып қаласында бөтен елдің!

Көк Ту мен Елтаңбаның ортасында,

Таңдау жасап, ісіне көкелердің.

Тарихи бұл жиынға біз бармасақ,

Тағдырын ертеңгі елдің көтерер кім?!

Референдум шешімі хайырлы боп,

Бағы ашылсын, болашақ бөпелердің.

Береке тапсын барлық бастамасы,

Тоқаевтай байламы бекем ердің!» делінген Мұхамеджан Тазабектің өлеңінде.

Сонымен қатар, Тазабек өз жазбасында Грузия астанасы Тбилиси қаласында референдумге дауыс берген фотосуреттер және видеолармен бөлісті.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар