-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Мұғалімдердің 40%-нан астамы сабаққа нашар дайындалады

Қазақстандағы педагогикалық тәжірибе халықаралық стандарттардан ерекшеленетіні белгілі болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен жылы жарияланған Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мен ЮНИСЕФ баяндамасына назар аударды.

Зерттеуге 10 мемлекет, соның ішінде Қазақстан да қатысты.

Асхат Аймағамбетов Telegram желісіндегі жазбасында қазақстандық мектептердегі мұғалімдердің сабаққа тым нашар дайындығын көрсететін зерттеуді  атап өтті. Мұғалімдердің 40%-дан астамы сабаққа жеткілікті түрде дайындалмайды – бұл 10 елдің арасындағы ең нашар көрсеткіш. Бұл ретте ЭЫДҰ-ның 38 елінде 3% деңгейінде.

Мектеп директорларының сауалнамасына негізделген зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы барлық мектеп қызметкерлерінің төрттен бірі білім беру ұйымындағы өзгерістерге қарсылық танытады. Мұғалімдердің 20%-дан сәл астамы оқушылардың сұранысын қанағаттандырмайды. Бұл да зерттеудегі 10 елдің ішіндегі ең нашар көрсеткіш.

«Педагог мәртебесі туралы заң не үшін қажет болды, педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті баллды күрт көтеру не үшін қажет болды, біз аттестация мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізіп, жетілдіріп жатырмыз, мұғалімдердің санын өсірдік, неге біз мамандыққа түсу үшін дипломы бар ЖОО түлектеріне емтихан тапсыруда ұнамсыз шаралар қолдандық, неліктен біз конкурстық жұмысқа орналастыру жүйесін енгізіп жатырмыз?» деген сұрақтарға аталған көрсеткіш графигі жауап береді. Бұл ыңғайсыз болса да, кейде ұнамсыз шаралардың қажеттілігін деректер растайды» деп  түйіндеді Асхат Аймағамбетов өз жазбасында.

Аталған  зерттеуге сәйкес,  Қазақстандағы оқыту тәжірибесі халықаралық стандарттардан ерекшеленеді.

Қазақстанда ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда балалар негізінен мұғалімнің нұсқауларын орындайтын, оның дәрістерін тыңдайтын оқыту әдістері әлдеқайда жиі қолданылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бейімделу әдістері кеңінен таралмаған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар