5 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Митталдың мүддесі

 

үнемі адам өліміне әкелетін апатты оқиғалар тіркеліп жүр. Кейінгі кезде мұндай жағдайлар тіпті, жиілеген.

Биыл маусымда Теміртауда цехтың төбесі опырылып, жұмысшылар үйінді астында қалды. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты, бір адам жарақаттанды. Ұзақ уақыт өтпей жатып, АМТ компаниясына тиесілі жылу электр орталығындағы қазандықты жөндеу кезінде тағы бір жұмысшы опат болды.

Былтыр қарашада «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болып, алты адам қаза тапты.

Инспекторлар мекемеде қауіпсіздік талаптарының жүйелі түрде бұзылатынын анықтаған. Бірақ соған қарамастан компанияның жұмысы тоқтатылмай, соттар тек айыппұл салумен шектеліп келеді.

Қайғылы оқиғалардан соң әлеуметтік желіде АТМ компаниясының жауапты қызметкерлерін жазаға тартуды, компанияны Қазақстан халқына қайтаруды талап еткен петиция жарық көрді.

Петиция авторы Қайырбек Сәрсенбай компанияда жыл сайын апаттар мен жалақы дауы болатынын, соның кесірінен адамдар қаза тауып жатқаны туралы жазды. Ол «біз осы петиция арқылы қоғамда резонанс туғызып, билік назарын аудара аламыз», – деді.

Бірақ әлі күнге дейін ештеңе өзгермеді. Міне, бүгін тағы апат, тағы адам өлімі болды. Ал Миттал кезекті рет айыппұл арқалап кете бермек…

Айжан Темірхан

Abai.kz

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар