2 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Министрлік «ерекше кезеңде» армия жөнінде жалған ақпарат таратқандарды жазалауды сұрайды


Қазақстан қорғаныс министрлігі ерекше кезеңде қарулы күштің беделін түсіретін жалған ақпарат таратқандарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуды заңмен реттеуді сұрайды.

Қорғаныс министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, ел аумағында жарияланатын ерекше кезең деп әскери және төтенше жағдай немесе антитеррорлық операцияны атайды.

Аталған мекеме бұдан бөлек ерекше кезеңде БАҚ, әлеуметтік желілердің әрекетін бақылауға алуды ұсынады.

Қорғаныс министрлігі бұл ұсыныстарын «әлемдік тәжірибеге» сүйеніп, жасап отырғанын жеткізді. Ерекше кезеңде бұл талаптың бәрі тек елдің жоғарғы басшылығы тарапынан енгізілетінін жеткізген.

Конституцияға сәйкес, цензураға тыйым салынған, әрбір адам еркін ақпарат алуға, таратуға еркі бар.

Қорғаныс министрлігі мұндай ұсынысын Қаңтар оқиғасынан 11 ай өткеннен кейін мәлімдеп отыр. Астана ҰҚШҰ әскерінің көмегіне жүгінді. Елде толық төтенше жағдай енгізіліп, «антитеррористік операция» жүргізілді. Барлық аймақтарда интернет байланысы болмады. Ресми мәліметке сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде кемінде 238 адам қаза тапқан.

Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін, елдің Қылмыстық кодексіне орыс армиясы туралы «жалған ақпарат» таратушыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде жаңа бап енгізді. Ресейдің құқық қорғаушыларының мәліметінше, жүздеген адамға «жалған ақпарат» таратты деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар