10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Мемлекеттік «Хабар» телеарнасының басшысы қызметінен кетті

Мемлекеттік «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекқожин қызметінен кетті. 11 ақпанда «Хабар» агенттігі оның «еңбек келісім-шарты мерзімінің аяқталуына байланысты» қызметінен кеткенін хабарлады.

«Хабар» агенттігі АҚ-да ол 2019 жылдан бері істеді. Қазір басқарма төрағасы міндетін атқарушы ретінде Ринат Кертаев тағайындалды. Ол «Хабар» агенттігі АҚ-тың басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған» деп жазылған агенттіктің жұма күнгі хабарламасында.

Ерлан Бекхожин ресми БАҚ-та ұзақ жыл қызмет атқарған. «Хабар» агенттігі басшылығына келгенге дейін ол президент телерадиокешенінің бас директоры болған. Оған дейін «Литер», «Айқын» сияқты ресми басылымдардың баспашысы болды.

Бұған дейін мемлекеттік «Хабар» телеарнасының өзінде қоғам назарын аудартқан бірқатар жайттар болған. Қаңтар оқиғасынан кейін аталған арнадағы жоба авторы әлеуметтік желіде жазба жариялап, мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің «әрекетіне» наразы болған. Кейін жазба желіден алынып тасталды. Журналистің өзі ақпарат құралдарына түсініктеме беруден бас тартты.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар