-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Мемлекет және  қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Баспасөзде және әлеуметтік желілерде

эссе жанрындағы шығармаларға

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін

республикалық байқау

Байқаудың мақсаты:

-Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шаңырағын көтеру ісіне өзінің өмірін арнаған мемлекет және  қоғам қайраткерінің егемен ел дамуына сіңірген еңбегіне әділ баға беру;

-өнегелі өмірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;

– әділдік жолында шейіт кеткен сұңғыла саясаткердің мемлекетшіл болмысын, азаматтық-патриоттық тұлғасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету;

-көсемсөз жанрында жазатын шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету.

 

Байқауға ұсынылатын тақырыптар:

Алтынбек Сәрсенбайұлы-

 -журналист һәм редактор;

            – Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаласқан демократтық көзқарастағы мемлекет қайраткері, ұлт патриоты ;

            -дипломат;

            -Қазақстанда жаңа қоғам орнату жолындағы саяси күрескер;

            – мемлекет болашағын болжай алған сұңғыла саясаткер;

            -адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлға.

 

Байқау талаптары:

         -тек эссе жанрында жазылған шағын көсемсөз шығармалар қабылданады;

-жазылған эссе 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін ел аумағында тарайтын газет-журналдарға, бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттарға, яки бес мыңнан жоғары жазылушысы бар әлеуметтік желілерде жариялануы керек;

-жарияланған эссенің электрон нұсқасын,  сілтемесін ұйымдастыру алқасына жолдау міндетті;

-байқауға бір автордан бір ғана шығарма қабылданады;

-байқауға әдепсіз сөздер араласқан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар қабылданбайды;

-байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

-байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 кегльмен, 1,0 аралықта терілуі керек және  2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін  [email protected] электрон поштасына жіберу қажет;

-автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрон поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) шығармамен  қоса жолданады.

Байқау қорытындысы:

Ұйымдастыру алқасы байқау ережесінде көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды қарап, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық иегерлерін (үш орын) А.Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл толуына орай өтетін халықаралық ғылыми конференцияда жариялайды және ақшалай-заттай сыйлықпен марапаттайды.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар