5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа тікелей эфир кезінде түкіргені үшін айыппұл салынды


Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа тікелей эфир кезінде түкіргені үшін айыппұл салынды. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

«Ортақ пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 айлық есептік көрсеткіш (15 315 теңге немесе 33 доллар) мөлшерінде айыппұл салынды» деп жазылған Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция өкілдері әлеуметтік желіде жарияланған видеоны зерттегенін хабарлады. Бұған дейін «Хабар 24» арнасына Екібастұздан тікелей эфирде қосылып, сұхбат берген депутат Ерлан Саиров эфир кезінде түкірген.

Ерлан Саиров – мәжілістің жетінші шақырылым депутаты (2021 жылдың қаңтарынан бері), «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі. Ол сонымен бірге «Аманат» (бұрынғы «Нұр Отан») партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары және президиум мүшесі.

Қазақстанда көшеде түкірген азаматтар «Ортақ пайдалану орнын ластау» бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Жауапкерге 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Биыл тамызда Астана қаласы мәслихатының депутаттары көшеде түкірген азаматтарға жазаны қатайтуды ұсынған. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ұсынысты қолдаған.

Министр ұсынысты «депутаттарға жіберіп, қоғаммен талқылау» қажеттігін айтқан.

Сол кезде Астана әкімдігі түкірген көлік жүргізушілері бақылау камералары арқылы анықталып, жазаланатынын айтқан.

Алматы полицейлері тұрғындарды 102 мобильді қосымшасы арқылы көшеде түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуге үндеген.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар